Шымкентте микроклиматты жақсарту үшін ирригациялық жүйелер тиімді іске қосылуда

Шымкент қаласында микроклиматты оңтайландыруға бағытталған тың шаралар қолға алынып отыр. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының иелігіндегі 2 өзен мен 34 су арнасы, соның ішінде 1965 жылы пайдалануға берілген Жаңа шек арнасы қайта жаңғыртылып, тиімді жұмыс істей бастады.

Ұзындығы 18 шақырым болатын бұл арнаның сыйымдылығы 1000 литр/секунд болса, қазір БМК су арнасы арқылы 250 литр/секунд су тұрақты түрде жіберілуде. Ағын су Аймауытов, Ақпан батыр, Дулати, Толстой, Иляев, Адырбеков көшелері мен Тәуке хан даңғылы бойындағы ирригациялық жүйелерден өтіп, Қазыбек би мен Желтоқсан көшелері арқылы Темірлан тас жолы бағытымен ағып, Ордабасы алаңындағы Қошқар ата өзеніне құяды.

Бұған дейін Жаңа шек арнасы тек нөсер жауын кезінде тасқынның алдын алу үшін пайдаланылған. Айналасындағы жер телімдері егістікке қолданылмағандықтан, арна ауыл шаруашылығы мақсатында іске қосылмаған еді.

Алайда қала әкімінің тапсырмасына және тұрғындардың ұсыныстарына сай енді арна арқылы тұрақты ағын қалыптастырылып отыр. Бұл қадам жаз мезгілінде температураны реттеп, жасыл желектерді сақтау арқылы қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға үлкен серпін беруде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда халықаралық қазақ әндері фестивалінің жеңімпазы анықталды

Монтайтас ауылдық округінің әкімі болып Ербол Ахметов қайта сайланды

berdaly_oraz

АУЫЛ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА КҮШ САЛАМЫН

Redaktor Arysinfo

Пікір жазу