Шымкентте мұғалімдердің шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеу фактілері әшкереленді

Сурет:Жасанды интеллект

Шымкентте мұғалімдердің шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеу фактілері әшкереленді,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шымкент қаласында білім беру саласына жүргізілген тексеру барысында бірқатар өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек брифинг кезінде мәлімдеді.

Тексеру нәтижесіне сәйкес, кейбір мұғалімдер заңнамада белгіленген апталық 16–24 сағаттың орнына 40–50 сағат, ал жекелеген жағдайларда 75 сағатқа дейін сабақ берген. Қала әкімінің орынбасары мұндай жүктеме педагогтардың еңбегін заңсыз пайдаланумен қатар, білім беру сапасына да кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен бірге бірқатар мектеп басшыларының бірнеше штаттық бірлікті қатар рәсімдеп, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағаны анықталған. Қосымша үйірмелерді сылтауратып, қаржыны заңсыз игеру фактілері де тіркелген. Осыған байланысты қала әкімдігі білім беру ұйымдарындағы қаржылық және кадрлық тәртіпке бақылауды күшейткенін хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан көшелеріне жаңа автобустар шықты

berdaly_oraz

Наурыз мерекесі қарсаңында Арыс қаласында 70 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды

berdaly_oraz

Ғасырлар сөйлеген, жаңаша жаңғырған киелі Түркістан.

berdaly_oraz