Табиғат — ата-бабадан қалған аманат

Қазақстан Республикасының территориясы — дүние жүзі бойынша тоғызыншы орында тұратынын білеміз, алайда біздің қоғам, халық — оның қадірін мен маңыздысын түсінеді ма? Қазақстанда табиғатты қорғау мәселесі мемлекеттік деңгейде қолға алынған. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаны сақтау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар бағдарламалар жүргізілуде, оның ішінде қоршаған ортаны, табиғатты ластау, сирек кездесетін аң — құстарды бейберекет көзін жоюдың алдын алу, сондай ақ сирек кездесетін өсімдіктер мен жәндіктерді қорғау қарастырылған.

2025 жылы 24 қаңтарда Түркістан облысы әкімінің қаулысымен құрылған, Түркістан облысы табиғи ресуртар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Мамандандырылған «Қорған» жедел қызмет коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Мекеменің негізгі мақсаттары – табиғатты пайдалану және жануарлар дүниесін қорғау және күзету. Мекеме қызметкерлері мынадай жұмыстарды атқарады: жеке және заңды тұлғалардың аң — құс және балық аулауға рұқсат беретін жолдамаларды тексеру, заңсыз аулаудың алдың алу. Түркістан облысында шамамен 3,300 млн шаршы шақырым әкімшілік жер (оның ішінде егінді және суырмалы алқаптарда жатады) және 100-ге тарта резервтегі көлдерді толығымен күзету, қорғау негізгі тапсырма. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне №382 жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидасын бұзу, №383 Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу баптарына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау баптарын негізге ала отырып, сирек кездесетін аң құстар мен балық санын көбейту және табиғатты пайдалануды реттеу қадағалау. Қорған коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторлары осы баптарға қатысты хаттама толтыруға және құзырлы органға хабарлап, табыстауға құқылы.

Табиғатты қорғау барша қазақстандықтар үшін аса маңызды парызы, борышы. Әрине ел бесігінен түзеледі, сондықтан бала бақша, мектеп қабырғаларында табиғатты қорғау, аялау, аң — құстарға деген махабатты санаға енгізу, көгейге түю. Қазір қарны тоқ, көңілі көк заманда кейбір азаматтар аң — құстарды атуды ермек еткен. Ерте көктем — жаз уақытында бала шағамен табиғатқа демалып, артынан қоқысты тау етіп тастайтын азаматтарда жетіп артылады. Табиғаттың тілі жоқ, жерде жатқан қоқысты алу біздің азаматтар үшін намыс көреді, осы стретипті жою қажет. Өзіміз шетелге шықсақ тазалығына, табиғатына қызығып әңгіме қыламыз, ал сол табиғат бізде де бар. Жәй ғана табиғатты бағалап, таза ұстасақ болғаны. Бауыржан Момышұлы атамның кітабындағы бір үзінді есіме түсіп отқаны: Құдай дүние жүзі ұлттарына жер бөліп беріп, қазаққа бөлуді соңында есіне түсіп, орманнан кішкене, шөлді шөлейттен кішкене, тау аймақтан кішкене, бетпақ даладан кішкене, өзен, көл, теңізден бөліп беріпті дейді. Қарап тұрсаң бізде осы ланшафттың бәрі бар. Тек ұрпаққа осы аманатты таза күйінде жеткізсек болғаны.

Айта берсең мәлесе көп, ең бастысы әркім өзінен бастауы қажет.

Түркістан облысы табиғи ресуртар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Мамандандырылған «Қорған» жедел қызмет коммуналдық мемлекеттік мекемесіның инспекторы Сартаев А.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы 11 жылдан кейін жеңіске жетті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАЙТЫН БІРЕГЕЙ ОҚУ ОРНЫ БАР

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында футболды дамыту мәселелері талқыланды