Футболдан Қазақстан құрамасы 11 жылдан кейін жеңіске жетті

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл – команданың әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі 11 жылдан кейінгі алғашқы жеңісі.

Матчта голдарды Абат Аймбетовтің орнына шыққан Мәди Самородов пен қорғаушы Александр Марочкин соқты. Сонымен қатар, бұл ойында ерекше назар аудартқан жайт – 16 жастағы Дастан Сәтпаевтың негізгі құрамда алаңға шығуы. Жас талант жуырда ғана әйгілі «Челси» клубымен келісімшартқа отырған болатын.

Бұл жеңіс қазақстандық жанкүйерлерге үлкен қуаныш сыйлады және ұлттық құраманың әлем чемпионатына қатысуға деген үмітін арттыра түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда коммуналдық сала өкілдеріне жаңа техникалар тапсырылды

Альфия Адамбек

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

berdaly_oraz

МАҚТААРАЛ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

berdaly_oraz