ТАБЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ: БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 42 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА АӘК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі және оны алу үшін қандай талаптар қойылады?

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау – мемлекеттің маңызды бағыттарының бірі. Осы ретте табысы күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік қолдауға мұқтаж азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетіледі.

АӘК – отбасының нақты әлеуметтік жағдайын ескере отырып тағайындалатын мемлекеттік қолдау түрі. Көмек көрсету кезінде отбасы мүшелерінің саны, құрамы және жан басына шаққандағы ортақ табысы есепке алынады.

42 мыңнан астам адам көмек алды

Түркістан облысында әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 6 875 отбасыдағы 42 771 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Ал жыл соңына дейін өңірде 59 мыңнан астам адамды АӘК-пен қамту жоспарланып отыр.

Жылдың алғашқы тоқсанында ғана 5 960 отбасыдағы 36 890 адамға АӘК тағайындалып, оларға 1,6 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленген.

АӘК – жай ғана төлем емес

Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – азаматтарға уақытша қаржылай қолдау көрсету ғана емес, отбасылардың қиын жағдайдан шығуына мүмкіндік жасау.

Әсіресе еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту, кәсіп бастауға жағдай жасау және отбасының тұрақты табысын қалыптастыруға бағытталған шаралардың маңызы зор.

Сондықтан АӘК алушы отбасылармен жеке жұмыс жүргізіліп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған қолдау тетіктері қарастырылады.

Кімдер АӘК ала алады?

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын отбасыларға тағайындалады.

Бұл ретте отбасының барлық мүшелерінің табысы мен отбасы құрамы ескеріледі. Яғни АӘК тағайындау кезінде әр отбасының жағдайы жеке қаралады.

Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар мемлекеттік қызметті электронды форматта немесе тұрғылықты жері бойынша тиісті әлеуметтік қорғау органдары арқылы рәсімдей алады.

Мемлекеттік қолдаудың мақсаты – мұқтаж отбасыларға қол ұшын созып қана қоймай, олардың тұрақты табысқа қол жеткізуіне жол ашу.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен партияның парламенттік фракциясының бірлескен отырысы өтті.

Redaktor Arysinfo

Ақтаулық өнерпаздар Грузияда ел мерейін үстем етті: 7 Гран-при Қазақстанға бұйырды

Redaktor Arysinfo

Қазақстанда Taobao онлайн сауда платформасы ресми іске қосылды

berdaly_oraz