ТАСТЫ АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Тасты ауылында спортты дамытуға бағытталған тағы бір маңызды жоба жүзеге асты. Елді мекенде заманауи талаптарға сай жабық типтегі шағын футбол алаңы ашылып, ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді.

Ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов қатысып, жиналған жұртшылықты жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады. Ол бұл алаңның жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары мен тұрғындар сөз сөйлеп, спорт нысанының ашылуын ауыл жастары үшін зор мүмкіндік деп бағалап, атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын жеткізді.

Аталған футбол алаңы – биыл аудан аумағында пайдалануға берілген жабық үлгідегі шағын футбол алаңдарының алтыншысы. Бұған дейін осындай нысандар бес ауылдық округте іске қосылған.

Жаңа спорт кешені барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Алаң толық қоршалып, спортшыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер қарастырылған.

Сонымен қатар биыл Тасты ауылдық округінде инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауылдық округ әкімдігінің жаңа ғимараты бой көтеріп, ауыл кіреберістеріне, балалар ойын және воркаут алаңдарына бейнебақылау камералары орнатылды.

«Созақ–Тасты–Қылти» бағытындағы автожол толық аяқталып, ауыл ішіндегі бірқатар көшелер асфальтталып, кей көшелерге қиыршық тас төселді. Демеушілердің қолдауымен «Белес» спорттық-сауықтыру кешені ашылды.

Бұдан бөлек, бірнеше көшеге жарықтандыру шамдары орнатылып, балалар мен жастарға арналған ойын және воркаут алаңдары пайдалануға берілді. Мәдениет үйі маңында сквер салынды, ауыл кіреберісіндегі арка абаттандырылып, LED экран мен «Мен өз елімді жақсы көремін» монументі орнатылды. Қазіргі таңда округ аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Астанадағы №81 мектептегі 600 миллион теңге төңірегіндегі дауға сот үкімі шықты

berdaly_oraz

«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР» ЖЫЛЫ: ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

berdaly_oraz

Арыстағы ауыл шаруашылығы және жол-құрылысы техникасы иелерінің назарына

berdaly_oraz