Тең мүмкіндік – толыққанды өмірге бастар жол

Қоғамның шынайы дамуы оның әрбір азаматына қаншалықты мүмкіндік жасай алатыны мен өлшенеді. Адамның денсаулығына, физикалық мүмкіндігіне немесе өмірлік жағдайына қарамастан, оның қоғам өміріне белсенді араласуына, өз әлеуетін жүзеге асыруына және өзін қажетсезінуіне жағдай жасау – инклюзивті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.

Осы мақсатта «Жігерлі ел» қоғамдықбірлестігі «Эра-KZ» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Теңмүмкіндік: инклюзивті оңалту және әлеуметтік бейімдеу» жобасын жүзеге асырды. ЖобаТүркістан қаласында тұратын мүгедектігі бар қыз-келіншектерге кешенді қолдау көрсетуге бағытталды.

Жобаның басты ерекшелігі – оның тек денсаулықты қолдау меншектелмей, қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайына, өзіне деген сенімін ежәне әлеуметтік ортаға белсенді араласуына қатар көңіл бөлуінде.

Жобаға 10 қыз-келіншек қатысып, денсаулықты қолдауға, психоэмоционалдық жағдайды жақсартуғ ажәне әлеуметті кбейімделуге бағытталған түрлі шараларға қатысты.

Қатысушылар үшін ада птивті денешынықтыру (АФК), йога және жеңіл гимнастика сабақтары ұйымдастырылды. Жаттығулар қатысушылардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып өткізілді. Сонымен қатар тәжірибелі маманның консультациялары мен емдік массаж сеанстары ұйымдастырылып, дене белсенділігін қолдауға бағытталған қызметтер көрсетілді.

Жобаның  маңызды бағыттарының бірі – психологиялық қолдау. Қатысушылар психологпен жеке және топтық кездесулерге қатысып, эмоциялардытүсіну, ішкі ресурстарды анықтау, өзіне деген сенімді арттыру және өмірлік қиындықтарды еңсеру тақырыптарын талқылады.

Сондай-ақ «Өзіңді қабылдау – табысқа бастар жол» және «Бірге күштіміз: қолдау және даму» тақырыптарын дамотивациялық және бейімдеу тренингтері өткізілді.

Қатысушылардың өз мүмкіндіктеріне сенімін арттыру мақсатында тәжірибелі мамандар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен мотивациялық кездесулер де ұйымдастырылды. «Өзіңе сен және әрекетет!» және «Кедергілер емес, мүмкіндіктер әлемі» тақырыптарындағы кездесулер барысында спикерлер өз тәжірибелерімен, әлеуметтік және инклюзивті жобаларымен бөлісіп, қатысушыларға шабыт  пен мотивация берді.

Жоба аясындағы кездесулер «Жігерлі ел» қоғамдық бірлестігінің TopFitness залында өткізіліп, қатысушылар үшін еркін әрі қолайлы орта қалыптасты. Сабақтар мен кездесулер барысында әйелдер бір-бірімен танысып, тәжірибе бөлісіп, өзара қолдау көрсетті. Бұл өз кезегінде олардың әлеуметтік байланыстарын кеңейтуге және қоғаммен белсенді қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді.

Жоба нәтижесінде қатысушылар дене белсенділігіне көңіл бөліп, өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға, психологиялық қолдауалуға және жаңа ортада өздерін еркін сезінуге мүмкіндік алды. Қатысушылардың әлеуметтік желілердегі бейнепікірлері де жобаның оң әсерін көрсетті. Олар мамандардың қолдауымен бөлісіп, жоба ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Жобаның қорытынды кезеңінде «Өзгеріске бастар қадам: тәжірибе алмасу алаңы» атты шағын инклюзивті кездесу өткізілді. Кездесу барысында қатысушылар жоба аясында алған тәжірибелерімен, өздерінде болған өзгерістермен және болашақ жоспарларымен бөлісті.

Жобаның басты құндылығы – әрқатысушыға тек қызметкөрсету емес, оның өз мүмкіндігін сезінуіне, қолдау табуына және белсенді өмірге қадам жасауына жағдай жасауында.

Инклюзия – тек қолжетімді орта қалыптастыруемес. Бұл – әр адамның қоғамдағы өз орнын табуына мүмкіндік беру. Ал тең мүмкіндік бар жерде сенім пайда болып, жаңа қадамдарға жол ашылады.

«Тең мүмкіндік: инклюзивті оңалту және әлеуметтік бейімдеу» жобасы осы қағиданы тәжірибе жүзінде көрсетіп, мүгедектігі бар қыз-келіншектерге физикалық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда мелмекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

Түркістан облысында мопедін тіркемеген 29 жүргізуші жауапқа тартылды

Абай облысында адам саудасымен айналысқан әйелге сот үкімі шықты

Redaktor Arysinfo