TIKTOK-ТАҒЫ ӘДЕПСІЗ ЭФИР: 44 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫН ҚАЙТА ҚҰҚЫҚ БҰЗЫП, СОТ ЖАУАБЫНА ТАРТЫЛДЫ

TikTok-тағы тікелей эфирді «өз кеңістігім» деп ойлау қате. Әлеуметтік желідегі әр әрекет заң талаптарынан тыс қалмайды.

Полицияның әлеуметтік желілерге жүргізген кезекті мониторингі кезінде тікелей эфирде бейәдеп сөздер қолданған Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны анықталды.

Тексеру барысында оның бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, құқық бұзушылық қайталанған.

Полиция жинақтаған материалдар сотқа жолданып, істі қарау нәтижесінде әйел кінәлі деп танылды. Сот кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, оған әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Бұл жағдай әлеуметтік желідегі тәртіпке де жауапкершілік бар екенін тағы бір көрсетеді. Көпшілікке арналған тікелей эфирде айтылған сөз бен жасалған әрекет құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.

Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы мониторингті тұрақты түрде жалғастыратынын ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – БОЛАШАҚ ҚАУІПСІЗДІГІ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОҚИҒА ЖҮЙЕЛІ МӘСЕЛЕНІ АШЫП КӨРСЕТТІ

Сарыағашта “Ауыл — ел бесігі” бағдарламасы аясында 30-дан астам көшеге асфальт төселді

Арыста «INTELLECT CUP» интеллектуалды сайысы өтті