150 МЫҢ ТЕҢГЕ БОЛА МА? ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ ҚАЙТА ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Қазақстанда ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) көтеру мәселесі қайтадан күн тәртібіне шықты. Алайда әзірге нақты шешім қабылданған жоқ.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амриннің мәлімдеуінше, ең төменгі жалақыны арттыруға қатысты есептеулер дайын. Дегенмен 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында ЕТЖ-ны көтеру әзірге қарастырылмаған.

Бұған дейін Үкімет өкілі ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттырып, алдағы уақытта 150 мың теңгеге жеткізу жоспары бар екенін айтқан еді.

Енді бұл мәселе Парламент қабырғасында қайта талқыланбақ. Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева бюджет жобасы бірінші оқылымнан өткен соң, ЕТЖ мәселесі салыстырмалы кесте арқылы қаралатынын жеткізді. Депутаттар мен парламенттік фракциялар бұл ұсынысты қазірдің өзінде көтеріп отыр.

Бұған дейін ең төменгі жалақыны 90 мың теңгеге дейін көтеру мүмкіндігі айтылса, Мәжіліс депутаттары 110 мың теңге болуын ұсынған. Алайда бұл ұсыныс Үкімет тарапынан қолдау таппады.

Қазір қоғам назарындағы басты сұрақ – ең төменгі жалақы нақты қанша болады және қашан өседі? Жауап бюджет жобасын талқылау барысында белгілі болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

ПУТИН ИРАНДЫ ҚОЛДАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ

МҰҒАЛІМГЕ ГҮЛ СЫЙЛАУДЫ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛДЫРУ ОРЫНСЫЗ -АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталып, азық-түлік бағасының тұрақтылығы зерделенді