Тоқаев Никол Пашинянды «Алтын Қыран» орденімен наградтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға еліміздің ең жоғары мемлекеттік марапаттарының бірі – «Алтын Қыран» орденін табыстады.

Рәсім барысында Мемлекет басшысы Пашинянның Арменияның саяси және экономикалық жаңғыруына серпін берген көшбасшы екенін атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, Пашинянның бастамалары армян қоғамында елеулі өзгерістерге жол ашты.

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынастың бүгінгі таңда стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін де ерекше атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық Усманова Мадхия әйелдер күресінен әлем чемпионы атанды

Түркістан-ЦИНДАО бағыты: ауыл шаруашылығындағы жаңа мүмкіндіктер мен инвестициялық серпін

Банктік депозит: кірістілік пен қауіпсіздік теңгерімділігі

berdaly_oraz