ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы Төлеби ауданына барып, алдағы Құрылтай сайлауына дайындық барысымен танысты.

Инспекция барысында сайлау комиссияларының жұмысы, учаскелердің ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, цифрлық жүйелерді қолдану және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Тексеру №731 сайлау учаскесінен басталып, дауыс беру процесін заң талаптарына сай ұйымдастыру және комиссия мүшелерінің дайындығы бағаланды.

Ауданда сайлауға 70 комиссия, құрамында 432 мүше жұмылдырылған. Дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Сайлау учаскелерінің шекаралары, үгіт орындары мен партия кездесулерінің кестелері ресми ресурстарда жарияланған. 7 тамыздан бастап азаматтарға сайлаушылар тізімін тексеру және учаскесін анықтау мүмкіндігі берілді, сондай-ақ есептен шығару куәліктерін беру басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтаста “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

berdaly_oraz

Арыс қаласының дамуы кезең-кезеңімен жүзеге асуда

berdaly_oraz

Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді

berdaly_oraz