«Ту қалып қойды!»: жалын арасынан мемлекеттік рәмізді құтқарған азамат

2022 жылдың шілде айында Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте болған ірі өрт оқиғасы көпшіліктің есінде. Бір қабатты ғимаратты шарпыған жалын аудандық жұмыспен қамту орталығы мен бірнеше сауда нысанын қамтып, айналаны қара түтінге орады. Өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатқанда, жұрт қауіпсіз жерге шығуға асықты. Ал сол сәтте бір азаматтың назары отқа оранған ғимараттың төбесінде желбіреп тұрған мемлекеттік Туға түсті.

Қауіптің қаншалықты жоғары екенін түсіне тұра, ол ешкімнің бұйрығын күтпестен көрші ғимараттың шатыры арқылы өртеніп жатқан нысанның төбесіне көтерілді.
Мақсаты – мемлекеттік рәмізді қызыл жалынның ортасында қалдырмай, аман алып шығу. Осылайша Сайрам аудандық Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Мұхаммед Қансейіт көк байрақты от құрсауынан құтқарып қалды.

Көпшілік бұл әрекетті ерлік деп бағалады. Алайда кейіпкердің өзі мұны қарапайым азаматтық міндет санайды. Оның айтуынша, мемлекеттік Ту – жай ғана мата емес, елдің тарихы мен тәуелсіздігінің белгісі. Сондықтан қауіп-қатерге қарамастан әрекет етуге ішкі жауапкершілік итермелеген.

Бүгінде сол оқиға әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба арқылы көпшілік жадында сақталып қалды. Ал Мұхаммед Қансейіт үшін бұл оқиға патриотизмнің сөзбен емес, іспен дәлелденетінін көрсеткен өміріндегі маңызды сәттердің біріне айналған.
Осы орайда біз мемлекеттік рәмізді жалын арасынан құтқарған азаматпен әңгімелесіп, сол күнгі оқиғаның мән-жайын, өмірлік ұстанымын және патриотизм туралы көзқарасын сұрап білдік.

                                                                                      

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасыда заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының фестивалі өтті

Елімізде ауа райы күрт құбылады

Redaktor Arysinfo

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛА КӨЛІК АЙДАСА, АТА-АНАСЫ ДА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo