ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Дереккөз, фото: Түлкібас ауд әкімдігі

Түлкібас ауданында аудан әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ тиісті мекеме жетекшілері қатысты.

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің І тоқсандағы орындалуы және ІІ тоқсанға арналған болжамды нәтижелері қаралды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің мәліметінше, жалпы 9 блок бойынша 102 индикаторлық көрсеткіш бекітілген. Оның ішінде 94 көрсеткішке жоспар жасалып, 8 көрсеткіш жоспарсыз айқындалған. Қазіргі таңда бірқатар индикаторлар бойынша орындалу процесі жүріп жатыр, ал кейбір көрсеткіштерде тәуекел бар екені атап өтілді.

Аудан әкімі жауапты бөлімдерге жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын жеделдетуді, тәуекел аймағындағы мәселелерді зерделеп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, статистикалық деректердің заң талаптарына сәйкес толық әрі сапалы рәсімделуін қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

Күн тәртібінде су шаруашылығы инфрақұрылымы да қаралды. «ҚазСуШар» РМК Түлкібас өндірістік бөлімшесінің мәліметінше, аудан аумағында жалпы ұзындығы 572,1 шақырымды құрайтын су нысандары бар, ал суармалы жер көлемі 16 832 гектарды құрайды. Қазіргі таңда бірнеше каналдарды жаңғырту және бетондау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, су нысандарын тазалау, су бекеттерін орнату және шаруашылықтармен келісімшарт жасау жұмыстары жоспарға сәйкес іске асырылуда.

Жиында ветеринариялық қауіпсіздік мәселесі де қаралды. Мамандардың мәліметінше, жыл басынан бері бруцеллез ауруына қарсы жоспарлы тексеру аясында ірі және ұсақ малдардан қан сынамалары алынып, зертханалық талдаудан өткізілген. Алдын алу және егу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалық жұмыстарының орындалуы туралы ақпарат тыңдалды. Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар округтерде анықталған кемшіліктерді жою және тазалық жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Мәжіліс соңында аудан әкімі қаралған барлық бағыттар бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеп, жұмыстардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының жақтастары Конституциялық реформаны қолдап, жиын өткізді

Redaktor Arysinfo

ЖЫЛДЫҚ 12,6% МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН «ӨРЛЕУ» ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

Redaktor Arysinfo