«ТҮРКІНІҢ ТӨРІ – ТҮРКІСТАН» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында және белгілі айтыскерлер Әселхан Қалыбекованың 75, Әбдікерім Манаптың 70 жылдығына арналған республикалық жас ақындар айтысы мәресіне жетті.

Айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 жас ақын қатысты. Қазылар шешімімен бас жүлде Түркістан облысының өкілі Ахметрасул Баянбайға бұйырды. Бірінші орынды Астанадан Мұхтар Қонарбаев иеленсе, екінші орынға түркістандық Аян Ниязбек пен ақтөбелік Арай Нұрадин лайық деп танылды. Үшінші орын Қарағандыдан келген Нұрмұхаммед Байсүгіров пен Түркістан облысының намысын қорғаған Нұрмахан Жақыпбекке берілді.

Байқауда бірқатар арнайы жүлделер де табысталды. Олардың қатарында Әбдікерім Манап, Қаныбек Сарыбаев, Жарқынбек Наушабеков, Әселхан Қалыбекова және өзге тұлғалардың атындағы сыйлықтар бар.

Марапаттау рәсіміне облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, жеңімпаздарға жүлде табыстады. Қазылар алқасының төрағасы, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков мұндай айтыстар жастарды қолдау үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Жыр додасын облыс әкімдігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен облыстық Мәдениет басқармасы және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Түркістан филиалы ұйымдастырды.

Ұқсас жаңалықтар

БҚО-да бір үйдің бес баласы газдан уланып ажал құшты

WSUK Түркістандағы кампусына 2025 жылғы күзгі семестрге қабылдау басталды

berdaly_oraz

Шымкентте көктемнің жарқын мерекесіне арналған «Гүл жәрмеңкесі» өтеді

berdaly_oraz