БҚО-да бір үйдің бес баласы газдан уланып ажал құшты

Бүгін, 4 маусым күні БҚО Сырым ауданы Жымпиты ауылында қайғылы жағдай болды. 5 бала көміртегі тотығына уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жекеменшік үйден өрт шығып бес бала қаза тапты. Құтқарушылар балаларды жанып жатқан үйден шығарып, аудандық ауруханаға жеткізген. Алайда оларды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Сағат 15:00 шамасында Жымпиты ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы ақпарат тарады. Үй ішінен бір жастан алты жасқа дейінгі балалар шығарылып ауруханаға жеткізілген. Барлық бала бір отбасыдан шыққан. Олар естерін жимаған күйі қайтыс болды.

«Барлық балалар жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барлық күш-жігерін жұмсағанымен балаларды құтқару мүмкін болмады», — деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Өрт кезінде балалардың ата-анасы жұмыста болыпты.

Ұқсас жаңалықтар

Сырдария өзені аумағына 19 тоннадан астам препарат құйылды

Альфия Адамбек

Эксперты обсудили проект новой Конституции Казахстана

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН «БІРЛІК ЖАРЫСЫ» ЖҮГІРУ ДОДАСЫНА 6 МЫҢНАН АСА АДАМ ҚАТЫСТЫ

Redaktor Arysinfo