АРЫС ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ КӨШБАСШЫ  САЙЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының тапсырмасымен жастардың арасында құқықтық мәдениет пен электоралдық белсенділікті арттыру, олардың сайлау үдерістеріне қатысуға деген жауапкершілігі мен қызығушылығын қалыптастыру мақсатында Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылды, деп хабарлайды Arysinfo.kz

Сондай-ақ Түркістан облысы Арыс гуманитарлық-техникалық колледжде клуб мүшелерінің қатысуымен оқу орнының Президенті сайланды. Аталған іс-шара 2025 жылға арналған Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау процесіне қатысушыларды электораттық оқытудың күнтізбелік жоспарының қаладағы колледждер мен мектеп оқушылары арасында көшбасшылықты анықтау мақсатында өткізілді.  Пилоттық жоба аясында  Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссия төрағасы Ерлан Маханов жас сайлаушыларды сайлауға белсенді қатысуға,  өздерінің дауыс беру құқығын пайдалануға шақырды.

Сайлау ережесіне сәйкес бес мүшеден тұратын учаскелік сайлау комиссиясы құрылып, төрағасы болып Арыс Алаштары жас сайлаушылар клубының төрағасы Абдіқұл Жасұлан бекітілді. Төраға байқаушылар мен үміткерлердің сенімді өкілдеріне сайлау тәртібін айтып өткеннен кейін, комиссия хатшысы Шахназ Юсуп  комиссия мүшелеріне бюллетеньдерді таратып берді.  Сайлау  Мемлекет Әнұранымен басталды. Сайлауға колледждің 4 курс студенттері үміткерлер Кеңес Аруна, Нұрлан Даниял, Умирзақ Ләззатқа  өз таңдаулары бойынша дауыс берді.


«Жас сайлаушылар клубының» негізгі мақсат жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығын ояту, жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сананы дамыту.

Клуб жұмысы сайлау процесі кезінде жастар арасында саяси сауаттылықты дамытып, олардың сайлау процестері мен демократиялық институттарға саналы көзқарастарын қалыптастыруға ықпал ете алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қарсыбай Ақтаевты еске алуға арналған облыстық термешілер байқауы өтті

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

berdaly_oraz

Жеке қауіпсіздік пен құқықтық сана: Арыста «Сталкингті тоқтат!» атты форум-диалог өтті

berdaly_oraz