Түркістан: Арыс қаласында дүниежүзілік сайлау күніне орай жиын өтті

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «№11 Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай мектеп ұжымының қатысуымен танымдық жиын өтті.
Іс-шараның мақсаты – сайлау құқығы туралы түсінік қалыптастыру, саяси мәдениетті арттыру, азаматтық жауапкершілікті күшейту.
Жиын барысында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған жоспар таныстырылып, саналы таңдау жасау үшін саяси сауаттылықтың маңызы атап өтілді. Сонымен қатар, сайлауда кімдерді таңдау керектігін айқындау үшін саяси партиялардың бағдарламалары мен олардың жетекшілерінің қызметінен хабардар болу қажеттігі айтылды. Мұндай танымдық шаралар азаматтық ұстанымы берік, белсенді әрі жауапты қоғам мүшесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі ҰОС ардагерін арнайы барып құттықтады

berdaly_oraz

Арыс футбол клубы өз алаңында айқын жеңіске жетті

Понятные ответы на актуальные вопросы: на сайте ЦИК функционирует ИИ-ассистент «SAILAU AI»

Redaktor Arysinfo