ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ТАЛАПТЫ ОРЫНДАМАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Тазалық – мәдениеттің, жауапкершіліктің және туған жерге деген құрметтің көрінісі. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, ағаштар отырғызылып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
Соған қарамастан әлі де айналаның аббаттануына салғырт қарайтындар көп.
Бүгін Арыс қаласы тұрғындарына жайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері Арыс қаласы аумағында тазалық талаптарының сақталуына қатысты кезекті рейдтік іс-шараларды өткізуде.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған рейд бұл жолы қалаға кіреберіс автожол бойынан басталды. Іс-шара барысында кәсіпкерлік нысан иелері мен жеке сектор тұрғындарына тұрмыстық қалдықтарды белгіленген кестеге сәйкес шығару, сондай-ақ көшелерге құрылыс материалдары мен құрылыс қалдықтарын (құм, тас, топырақ және басқа да заттарды) орналастыруға болмайтыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді.
Жұмысшы топ өкілдері талаптардың алдағы уақытта да орындалуы міндетті екенін атап өтті. Егер анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаса немесе заңбұзушылық қайта тіркелсе, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынатыны ескертілді. Тазалыққа бағытталған мұндай рейдтік іс-шаралар жыл бойы тұрақты түрде жалғасатын болады.
Сонымен қатар, рейд барысында бұған дейін берілген ескертулерді орындамаған бірқатар азаматтар мен мекеме өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті айыппұлдар салынды.

«Таза Қазақстан» – жалаң ұран емес, нақты іс. Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және табиғатты аялау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде өткізіледі.

Құрметті арыстықтар! Таза қала – ортақ жауапкершілік. Өз ауламызды, көшемізді және қоғамдық орындарды таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайық.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста «Мөлдір бұлақ» сенбілігі өтті

berdaly_oraz

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

«Жұмысшының қолы кетті, жауапкершілік кімнің мойнында?»

Redaktor Arysinfo