Арыста «Мөлдір бұлақ» сенбілігі өтті

Түркістан облысындағы Арыс қаласы аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. «Мөлдір бұлақ» ұранымен өткен шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.

Тазалық жұмыстары Теміржолшы елдімекеніндегі жағажай аумағында жүргізілді. Қатысушылар өзен жағалауын күл-қоқыстан, арамшөптерден тазартып, табиғатты сақтау ісіне өз үлестерін қосты.

Сенбілікке қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, жастар мен еріктілер қатысты. Олар табиғи су көздерінің тазалығын сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік екенін атап өтті.

Жиналған қоқыстарды шығару үшін 10-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.

Қатысушылардың айтуынша, «таза су – тіршілік көзі», ал табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның Жоғарғы Сотына жаңа төраға тағайындалды

Redaktor Arysinfo

Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

Redaktor Arysinfo

ТАРАЗДА ӨТКЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАН ҚЫЗДАРЫ ТОП ЖАРДЫ

berdaly_oraz