ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ТЕКСЕРІС ОРТАЛЫҚ БАЗАРДА ЖАЛҒАСТЫ

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы  рейдтік іс-шаралар күшейтілді.
Рейд барысында арнайы жұмысшы топ өкілдері бұған дейін тазалық талаптарын сақтау жөнінде берілген ескертулерді орындамаған кәсіпкерлік нысандарының иелерімен қайта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар заң талаптарын сақтамаған бірқатар тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы («Белгіленбеген орындарда сауда жасау») бойынша 5 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.
Қаланың тазалығы мен көркеюі – әрбір тұрғын мен кәсіпкердің ортақ жауапкершілігі.
Сондықтан Арыс қаласы тұрғындарын өзіңізге тиесілі аумақтың тазалығын тұрақты сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
Тазалық талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста балалар күні кең ауқымда аталып өтті

berdaly_oraz

Түркістан: Келес ауданындағы каналдар күрделі жөндеуден өтеді

АЛМАТЫДА ТҮРКІСТАН ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo