ТҮРКІСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМДЕ РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ: 8 АЙДА – 121,9%

Түркістан облысы экономикалық қарқынын еселей түсті. Жыл басынан бері өңір қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда болса, биылғы 8 айдың қорытындысында 121,9 пайыздық өсіммен 1-орынға шықты.

Бұл туралы Түркістанда өткен облыстық мәслихаттың кезекті 26-сессиясында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді.

Сегізінші шақырылымдағы мәслихат отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 20 маңызды мәселе қаралды. Облыс әкімінің, ветеринария, білім, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына жауапты басқарма басшыларының есептері тыңдалды. Сондай-ақ Қазығұрт пен Түлкібас аудандарында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі талқыланды.

Облыс әкімі экономикалық өсімнің жоғары көрсеткішін жүйелі жұмыстың нәтижесі ретінде атап өтті.

«Биылғы 8 айда қысқа мерзімді экономикалық өсім 121,9 пайызды құрап, облысымыз республикада 1-орынға шықты. Бұл – жүйелі жұмыстың және өңірдің әлеуетін тиімді пайдаланудың нәтижесі», – деді Нұралхан Көшеров.

Экономикалық көрсеткіштің өсуі – өңірдегі өндіріс, инвестиция, құрылыс, инфрақұрылым және кәсіпкерлік бағыттарындағы жұмыстың қарқынын көрсететін маңызды индикаторлардың бірі. Ендігі міндет – қол жеткізілген нәтижені тұрақтандырып, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасына нақты әсер ететін жобаларды уақытылы жүзеге асыру.

Сессия соңында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады. Өңірдің даму қарқынын сақтап қалу мен экономикалық әлеуетті тиімді пайдалану алдағы кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгіленді.

Ұқсас жаңалықтар

«Үсті-басы су болып,үйге әрең жетті» Монтайтастық тұрғын көшеде иесіз жүрген иттің 11 жасар қызын тістей жаздағанын айтып,шағымданды

berdaly_oraz

Түркістан: Кеурек өсімдігін қазған 68 шетелдік анықталды

СОЗАҚТА СУ ҚОРЫ КӨЛЕМІ АРТЫП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo