Түркістан қаласындағы Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында “Діни радикализмнің алдын алу жолдары” тақырыбында маңызды кездесу өтті

Түркістан қаласындағы Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында “Діни радикализмнің алдын алу жолдары” тақырыбында маңызды кездесу өтті. Шараға Түркістан облысының дін істері басқармасына қарасты “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ дінтанушы маманы Асхат Дүйсен қатысты.

Кездесу барысында қоғамға қауіпті діни радикализм, ғаламтордағы жалған діни ақпараттардан сақтану, жат ағымдардың белгілері мен ерекшеліктері және діни құқықтық сауаттылық мәселелері кеңінен талқыланды.

Дінтанушы маман жастар мен тұрғындарға діни ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу, күмәнді топтар мен интернеттегі үгіт-насихатқа ермеу және діни мәселелер бойынша арнайы мамандардан кеңес алу қажеттігін ерекше атап өтті.

Шараның мақсаты — қоғамда діни тұрақтылықты сақтау және жастардың теріс ағымдарға ілесуінің алдын алу.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БҮГІН ОБЛЫСТАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА 60 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ ТАРТУ ЕТІЛДІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «ҚҰҚЫҚ БҰЗУ-ТРЕНД ЕМЕС» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЕЛДЕГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫНДА КӨШ БАСТАП ТҰР

berdaly_oraz