ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЕЛДЕГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫНДА КӨШ БАСТАП ТҰР

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында ұлттық санаққа қатысқан шаруашылықтар саны бойынша республикада алдыңғы орынға шықты. Өңірде бүгінде 71 мыңнан астам жеке және заңды тұлға тіркеліп, олардың қызметі мал, егін және балық шаруашылығымен байланысты.

Статистика басқармасының дерегінше, санаққа қатысушылардың ең көбі Жетісай ауданында — 8 мыңнан астам респондент. Одан кейінгі орында Сайрам — 7 мыңнан аса, сондай-ақ Сарыағаш, Мақтаарал және Қазығұрт аудандарында 6 мыңнан жоғары шаруашылық қамтылған.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары қатысқан жиында мәлімдеді. Ол ұлттық санақтың ауыл шаруашылығын жоспарлаудағы стратегиялық рөліне тоқталып, жұмыстың сапалы атқарылуын тұрақты бақылауда ұстайтынын айтты.

Жиында, сонымен бірге, аудандық деңгейдегі индикаторлық көрсеткіштер талқыланды. Жауапты құрылымдарға есеп пен нақты мәліметтің сәйкестігін тексеріп, айырмашылық болған жағдайда дәлелді құжаттармен статистика басқармасына ұсыну тапсырылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ӨКІЛДЕРІ РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА 7 МЫҢ АДАМ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Redaktor Arysinfo

Шымкент қаласының прокурорлары 290 мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді