Түркістан: Мақтаарал ауданы индустриясы қарқын алып келеді

Соңғы жылдары Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан айтарлықтай ілгеріледі. Өнеркәсіп көлемінің артуы, инвестицияның көбеюі және жаңа өндіріс орындарының ашылуы ауданның ірі индустриялық орталыққа айналып келе жатқанын көрсетеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 24,6 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 21,9 пайызға өскен. Сонымен қатар 56,4 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспарланған көрсеткіштен 5,4 млрд теңгеге артық орындалды. Бұл ауданда ірі жобалардың жүйелі түрде іске асырылып жатқанын аңғартады.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Мақтааралда инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар күшейген. Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен өткен жылы бақша өнімдерін экспорттау бекеті, күріш өңдеу зауыты және пластик құбыр өндіру кәсіпорындары іске қосылды. Биыл мақта тұқымы мен майын өңдеу, асфальт және темір-бетон өндірісі, тігін және тоқыма цехтары, сондай-ақ ет өнімдерін терең өңдеу жобалары жүзеге асырылуда.

Аудандағы 28,2 гектарлық индустриалды аймаққа бүгінде 5,16 млрд теңге инвестиция тартылған. Мұнда мақта өңдеу, асфальт және темірбетон өнімдерін шығаратын кәсіпорындар табысты жұмыс істеп, жүздеген адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы жылдары жаңа зауыттар мен цехтар іске қосылып, өндіріс көлемі одан әрі ұлғаяды.

Сонымен қатар Жамбыл ауылдық округінде 100 гектар аумақта арнайы экономикалық аймақ құрылып, оның бір бөлігі Қазақстан–Өзбекстан арасындағы өндірістік кооперация орталығына берілген. Жалпы құны 185 млрд теңгеден асатын жобалар нәтижесінде 1200 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Бүгінде Мақтаарал ауданы инвесторлар үшін тартымды өңірге айналып, өңір экономикасының жаңа драйверлерінің біріне айналып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

АҚДАЛА АУЫЛЫНДА АШЫҚ ДИАЛОГ: ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

berdaly_oraz

Рим папасының қазасына байланысты Италия премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

Руслан Берденовке жасалған қастандық: 10 патронмен қаруланып келген күдікті кек алуды көздеген бе?!

berdaly_oraz