Рим папасының қазасына байланысты Италия премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

Фото: Roberto Monaldo / Keystone Press Agency / Global Look Press

Рим папасының қазасына байланысты Италия премьер-министрінің Қазақстанға сапары шегерілді, — деп хабарлады Arysinfo.kz.

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін Италия премьері Джорджи Мелонидің сапары мен «Орталық Азия – Италия» саммиті 26-27 сәуірде өтетін болған. Енді кездесу қашан болатыны белгісіз.

Айта кетейік, Рим Папасы Францискті жерлеу рәсімі 26 сәуірде өтеді. Мемлекет басшысы Рим Папасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалығы: Жетісайда мақта, сүт кластеріне қатысты жобалар жүзеге асырылмақ

Қазақстанда еңбек қатынастарын реттеу және қауіпсіздік күшейтіледі

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалықтары: Сайрамда «Заң мен тәртіп» атты форум өтті

Альфия Адамбек