Түркістан облысы Келес ауданындағы көпір құлады

Сурет: стан.кз

Түркістан облысы Келес ауданында көпірдің құлау дерегі тіркелді. Оқиға салдарынан аталған өткел арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, адам шығыны жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің, полиция мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен тексеру және қауіпсіздік шаралары жүргізіліп жатыр.

Жауапты мекемелердің хабарлауынша, көпірді қалпына келтіру және көлік қатынасын қайта қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылданады. Оқиғаның себептері анықталу үстінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қанат Бозымбаев: Тергеу аяқталғанша шахтадағы жұмыс тоқтатылады

berdaly_oraz

Түркістан қаласы ерекше мәртебеге сай дамиды

berdaly_oraz

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАЙЫЛМА АУЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Альфия Адамбек