Түркістан облысында 14 мың шақырымға жуық өртке қарсы жолақ жүргізілді

Түркістан облысында 14 мың шақырымға жуық өртке қарсы жолақ жүргізілді,деп хабарлайды Арысинфо.кз.

Түркістан облысында 478 елді мекеннің маңында өрттің алдын алу мақсатында минералды жолақтар жыртылып, аумақтар құрғақ шөптен тазартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мейрамхан Кемелханов хабарлады.

Оның айтуынша, биыл облыс аумағында 37 маусымдық өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланып, қазіргі таңда 25-і іске қосылған. Өрт қаупі жоғары кезеңде 14 мобильді топ құрылып, рейдтік шаралар өткізілген. Жалпы өңірде 14 мыңнан астам шақырым минералды жолақ жүргізілді.

Жыл басынан бері орманды аймақтарда жалпы аумағы 278 гектарды қамтыған 8 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды адамдарға – 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200 АЕК, орта кәсіпкерлік нысандарына – 300 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа кәсіпорындар ашу бойынша меморандум жасалды

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «ҚҰҚЫҚ БҰЗУ-ТРЕНД ЕМЕС» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Жетісай спорт клубы 2024-2025 оқу жылын жоғары көрсеткіштермен қорытындылады

berdaly_oraz