Түркістандағы «Фараб» кітапханасында 235 мыңнан астам кітап бар

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қорында бүгінде 235 348 кітап сақталған. Оқырман саны – 10 мыңнан асады. Биыл мекеме 133 мәдени-білім беру іс-шарасы мен жобаны іске асырған. Бұл туралы кітапхана директорының орынбасары Шахмира Байжігітова мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл белгілі жазушы, журналист, аудармашы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай «Мархабат оқулары» байқауы өтіп, қорытындысы дәл осы кітапханада шығарылған. Қазан айының соңында облыстық «Абай оқулары» байқауының финалы ұйымдастырылады. Сонымен бірге, «Ақылдыммен ақылдымын» акция-байқауының іріктеулері Жетісай мен Қазығұртта өткізіліп, қалған аудандарда жыл соңына дейін жалғасады.

Кітапханада «Қолжазба — тарихтың үні мен сыры», «Өлкені тану — өркениетті тану», «Ғылым мінбері» сияқты тұрақты жобалар жүзеге асырылып келеді. Көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған «Тең қоғам – мінсіз мүмкіндіктер» мен «Кітап үні» бастамалары да бар. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжмеденовтің шығармалары насихатталуда.

Жыл бойы «12 айда – 12 кітап» жобасы жалғасып, Президент саябағында «Оқырман іздеймін», ал түнде – «Түнгі кітапхана» іс-шаралары ұйымдастырылған. Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған 10 күндік «Абаймен ойлан, Абаймен толған» мәдени-ағартушылық бағдарламасы өткен. Жыл соңында белсенді оқырмандар марапатталады, ал алдағы уақытта Республикалық жас кітапханашылар форумы өтпек.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

berdaly_oraz

Цифрлық құқықты қорғау бүгінгі күннің талабы – Алматы облысы мәслихатының төрағасы

berdaly_oraz

Түркістан облысының спортшылары жүзуден Қазақстан чемпионатында 11 жүлде иеленді