Түркістан облысында $800 млн-дық тыңайтқыш зауыты салынуы мүмкін,-деп жазады Арысинфо.кз тілшісі.
Түркістан облысына ірі шетелдік инвестиция тарту көзделіп отыр. Қытайдың ауыл шаруашылығы және тыңайтқыш өндірісі бойынша жетекші компанияларының бірі өңірде құны 800 млн АҚШ долларынан асатын зауыт салуға ниет білдірді.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен кездесіп, жобаның техникалық және инфрақұрылымдық қырларын талқылады. Алдын ала жоспарға сәйкес, жылына 2 млн тоннаға дейін тыңайтқыш шығаратын кәсіпорын салынады. Бұл нысан Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ең ірі агроөндірістік кешендердің біріне айналмақ.
Әкім жобаның экологиялық қауіпсіздігіне, су үнемдеу технологияларын қолдануға және энергия тиімділігіне баса назар аударды.
– Түркістан облысы – ауыл шаруашылығына ең қолайлы өңір. Біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шетелдік инвесторлармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жаңа зауыт ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттырып, шаруаларды қолжетімді тыңайтқышпен қамтиды. Жобаға жан-жақты қолдау көрсетіледі,
Автор: Ораз Бердалы
