Арыста 1 апта бойы азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Арыста «Несібелі ана» сауда қатары аумағында бір аптаға созылатын азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қала әкімдігінің қолдауымен және жеке кәсіпкердің бастамасымен өтетін жәрмеңке Қала күні мен Теміржолшылар мерекесіне орайластырылған.

Бүгіннен бастап, яғни 31 шілдеден бастап бағасы нарықтан әлдеқайда төмен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері сатылады.

Мәселен, мұнда өсімдік майы (5 литр) 3450 тг, картоп — 180 тг/кг, ұнның қабы (50 кг І сорт) – 10500 тг, пияз – 130, сәбіз 230, шекер 400 теңгеден сатылады.

Сауда қатары Пернебек Үсенбай мейрамханасының жанында орналасқан.

Жеке кәсіпкердің айтуынша, алдағы уақытта сатып алушылардың өтінішімен тауар түрлері көбейеді деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА БІР ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНА КІЛТІ БЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Түркістан: Ордабасыда реновациядан өтіп жатқан мектептер қадағаланады