ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 16 ЖАҒАЖАЙ ЖҰМЫС ІСТЕДІ

2025 жылдың басынан бері Түркістан облысында түрлі жағдайларда 55 адам суға батып көз жұмды, олардың 25-і – балалар. Бұл деректерді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Нұрмаханұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірде 16 ресми жағажай жұмыс істеп, қауіпсіздік мақсатында шомылуға арналмаған елді мекендерде 233 модульді және 2 каркасты бассейн орнатылды. Су қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру үшін 673 ақпараттық шара өткізілген: телеарнада – 45, әлеуметтік желілерде – 108, баспасөзде – 284 материал жарияланды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері 2525 рейд ұйымдастырылып, ереже бұзғандарға айыппұл салынған. Атап айтқанда, 151 азаматқа – 2 млн теңгеден аса, сондай-ақ 3 заңды тұлға мен 3 кәсіпкерге – 235 мың теңгеден астам айыппұл рәсімделді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста бағдаршамдарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

berdaly_oraz

ҚОСТАНАЙДА ӨТКЕН ЖАС СПОРТШЫЛАР ДОДАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАҢАРУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 500 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

berdaly_oraz