ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨСІМІ ҚАРҚЫН АЛДЫ: 11 АЙДА 1,4 ТРЛН ТЕҢГЕ

Сурет: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 2025 жылдың қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша облыста қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,4 пайызды құрап, республика бойынша үздік үштіктен көрінді.

Есепті кезеңде өңірде өндірілген өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін аталған өсімді 113 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Негізгі өсім тау-кен өндірісі, тамақ өнімдерін шығару, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау салаларының үлесіне тиесілі.

Өңдеу өнеркәсібінде 665,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, саладағы өсім 110,9 пайызды көрсетті. Белгіленген жоспар 3,1 пайызға артығымен орындалды. Жыл қорытындысы бойынша өңдеу саласындағы өсімді 111,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Өңірдің индустриялық әлеуетін күшейту мақсатында биыл өңдеу секторында жалпы құны 59 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Қазіргі таңда олардың 12-сі пайдалануға беріліп, нәтижесінде 1192 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қалалық мәслихат депутаты сайлаушылармен кездесу өткізді

Түркістанда «Жасыл белдеу» жайқалып келеді

Абай елінде Түркістан облысының мәдениет күндері өтті