Түркістан облысында шіркейге қарсы 111 тоннадан астам биопрепарат қолданылмақ

Түркістан облысында шіркейлерге қарсы дезинсекциялық шаралар жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен құрылған штаб Сырдария маңындағы елді мекендерде зиянкестердің көбеюінің алдын алу бойынша кешенді жұмыстар атқаруда. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында бүгін өзенге 111 тонна көлемінде «Бактицид» биопрепараты құйылғаны хабарланды. Залалсыздандыру жұмыстарына 12 арнайы техника, 6 қайық пен 28 маман тартылған.

Биопрепарат көлемі Сырдария мен Көксарай су қоймасындағы судың мөлшеріне сай есептеліп отыр. Шіркей дернәсілдері шоғырланған аумақтарда дозасы ұлғайтылып, өзен бойында шіркейлер санының азаюына оң нәтижелер байқалған. Ал өзеннен 20-50 шақырым қашықтағы елді мекендерде зиянкес тіркелмеген.

Сонымен қатар, облыс бойынша барьерлік химиялық өңдеу жұмыстары да қатар жүргізілуде. Әр ауылдың ерекшелігіне қарай түрлі инсектицидтер пайдаланылып, кешенді шаралар белгіленеді. Бұл жұмыстарға 38 бүріккіш жүйесімен жабдықталған көлік, 36 арқаға асылатын бүріккіш, 4 термоөңдегіш және дрондар тартылған. Қиын жететін жерлерде дрондар арқылы өңдеу жүргізілуде.

Аталған шаралар Түркістан, Арыс қалаларымен қатар Шардара, Сауран және Отырар аудандарындағы Сырдария маңындағы елді мекендерде күн сайын күшейтіліп отыр. Жұмыс барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жеке бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте курьерден бір келіге жуық есірткі тәркіленді

Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

berdaly_oraz

Түркістан облысында егістікті ағын сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

berdaly_oraz

Пікір жазу