Түркістан облысында «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды

Түркістан облысында «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Экология саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында Түркістан облысында заң бұзушылыққа жол берген шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты. Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы И. Бегасилов, оның орынбасары А. Ерназаров, заңгер М. Айнабекова және кәсіпкер И. Муслимов бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, олар техникалық талаптарға сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алып, 14,9 миллион теңге көлемінде қаржыны талан-таражға салған.

Сот үкіміне сәйкес:

  • И. Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды,
  • А. Ерназаров, М. Айнабекова және И. Муслимов 2 жылға бас бостандығы шектелді.

Олар өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет ету құқығынан айырылды.

Айта кету керек, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Конституция мен Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, адам кінәсі соттың заңды шешімі шыққанға дейін дәлелденбеген болып саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан темір жол вокзалы сатылымға қойылды

berdaly_oraz

Түркістан қаласында биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

berdaly_oraz

Пікір жазу