Шымкентте полицейлер күдіктіні ұстады

Аталған жағдай түсірілген видео желіде тарады. Кадрлардан 5 полиция қызметкерінің күдікті мінген көлік жанында тұрғанын көруге болады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Олар жүргізушіні тоқтатпақ болғанымен ер адам шықпай қояды. Осылайша полицейлер көлік терезесін сындырып, күдіктіні күштеп алып шығады.

Полиция мәліметінше, 14 мамырда әйел көлігін ұрлап кетті деген шағым түсірген. Сосын полиция әрекетке көшкен. Күдікті тәртіпке бағынбай, жасырынуға тырысқан. Ол жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізіп, жолдағыларға қауіп төндірген.

Кейін жәбірленуші оның жақын туысы екенін айтып, шағымынан бас тартқан. Күдікті қазір әкімшілік қамауда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Мақтааралда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер салынып жатыр

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАЙТЫН БІРЕГЕЙ ОҚУ ОРНЫ БАР

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Төлебиде заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді