Түркістан облысында жұма намазы кезінде түсіндіру жұмыстары өтті

Түркістан облысында жұма намазы кезінде мешіттерде жиналған тұрғындарға құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру шаралары ұйымдастырылды. Іс-шараға прокуратура қызметкерлері қатысып, азаматтарға қауіпсіздік пен заң талаптарын сақтау туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында интернет-алаяқтық пен ұрлық қылмыстарының алдын алу, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар маргиналды жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қыз алып қашудың заңсыздығы және мәжбүрлі некеге тұрғызу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны айтылды.

Бұдан бөлек, тіркелмеген діни оқу орындарында білім алудың салдары мен әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни материалдарды таратпау қажеттігі де түсіндірілді. Құзырлы органдар тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және күмәнді жағдайлар туындаса, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістанда тарихи орындарды аралады

berdaly_oraz

Алматы әкімі Ерболат Досаев әуежайда кепілге алынған қызды құтқарған ер адамды медальмен марапаттады

berdaly_oraz

Түркістан: Кентауда мәдениет үйі мен ірі кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр