Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар

Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады:

Атап айтқанда, Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман, Сирия

❗️ Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға тағы да шақырамыз.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындық жүріп жатыр

berdaly_oraz

Казахстан показывает уверенный рост ВВП благодаря структурным реформам

Redaktor Arysinfo

Шымкентте Президентке медициналық өнімдер өндірісі таныстырылды

berdaly_oraz