Түркістан облысының әкімі әлем чемпионы мен жүлдегерін марапаттап, көлік сыйлады

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғаған спортшыларды ұлықтауға арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерін арнайы марапаттап, су жаңа автокөліктердің кілтін табыстады.

Өңір басшысы спортшыларды құттықтай отырып, 2025 жылы бокс пен каратэ спорт түрлерінен өткен әлем чемпионаттарындағы жетістіктердің ел үшін маңызын атап өтті. Әсіресе, өңір мақтанышы Сәкен Бибосыновтың спорттағы жолына ерекше тоқталып, оның Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанғанын, екі мәрте әлем чемпионы болғанын және биыл Дубайда өткен әлем чемпионатында 54 келі салмақ дәрежесінде айқын басымдықпен жеңіске жетіп, екі дүркін әлем чемпионы атанғанын атап өтті.

Сондай-ақ Египетте өткен каратэден әлем чемпионатында қола жүлде иеленген Әсел Қанайдың жетістігі де назардан тыс қалмады. Облыс әкімі оның 2025 жылы өз салмақ дәрежесінде әлемнің үздік спортшысына берілетін «Гранд Виннер» атағын жеңіп алуы, Азия ойындарының қола жүлдегері және Азия чемпионатының жеңімпазы атануы – жоғары деңгейдегі спортшы екенін дәлелдейтінін жеткізді.

Салтанатты рәсімде каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері Әсел Қанай мен бокстан екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа автокөлік кілттері табысталды. Спортшылар өз кезегінде өңірде спортты дамытуға көрсетіліп жатқан қолдау үшін облыс басшылығына алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, Түркістан облысында кәсіби және бұқаралық спортты дамыту, дарынды спортшыларды қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Шымкенттегі «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

berdaly_oraz

Түркістан облысында қуаттылығы жылына 2 млн тоннаны құрайтын мұнай өңдеу зауыты салынуда

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

berdaly_oraz