ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Түркістан облысының спортшылары халықаралық ареналарда жоғары жетістіктерге жетіп, ел мерейін үстем етті. Шри-Ланкада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында облыс өрендері 8 алтын медаль, Қытайдағы ескек есу жарысында 3 алтын медаль еншіледі. Ал Астанадағы пара дзюдодан өткен әлем чемпионатында 2 спортшы жеңіс тұғырынан көрінді.

Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Азия чемпиондарын қабылдап, құрмет көрсетті. Ол халықаралық деңгейде ел абыройын асқақтатқан спортшыларды жеңістерімен құттықтап, арнайы марапаттар мен қаржылай сыйақылар табыстады.

– Жастардың мұндай жетістігі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортты дамытуға бағытталған тапсырмаларының жемісі. Мемлекет басшысы Жолдауында «Спорт – ұлт денсаулығы мен жас ұрпақтың болашағына салынған инвестиция» екенін атап өтті. Осы бағытта облыста жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Былтыр 73 спорт нысаны пайдалануға берілсе, биыл тағы 51 нысанның құрылысы аяқталады. Алдағы жарыстарда да жеңісті жолдарыңыз жалғасын табады деп сенеміз, – деді облыс әкімі.

Кездесуде бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов, Азия чемпионы Шұғыла Нәлібай және ескек есуден чемпион Артём Терещенко сөз сөйлеп, спортқа жанашырлық танытқан өңір басшылығына алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, Түркістанда спорт инфрақұрылымын дамыту жалғасып келеді. Қазір қалада халықаралық стандарттарға сай атшабар мен ескек есу каналының құрылысы жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда IT университетінің құрылысы аяқталуға жақын: министр Саясат Нұрбек нысанды аралады

berdaly_oraz

Дональд Трамптың Газа секторын тегін алуға ниеті мен Иорданияның әрекеті

berdaly_oraz

Болашақта халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылуы мүмкін

berdaly_oraz

Пікір жазу