Мемлекетке кадастрлық құны 2 млрд. теңгеден асатын жер қайтарылды

Түркістан облысының прокуратурасы жер телімдерін заңсыз беруге, ресімдеуге және оларды мемлекет меншігінен шығаруға байланысты жер қатынастар саласында бұзушылықтарды анықтады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz. 

Атап айтқанда, Сауран ауданында жалған құжаттар негізінде көлемі 2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері жеке тұлғаларға ресімделген, кейіннен олардың нысаналы мақсаты бизнес үшін өзгертілген.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 320 млн теңгеге залал келтірілген, сондықтан 2 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Төлеби ауданында комиссия шешімісіз 23 жер теліміне қатысты жер учаскелерін табыстау, нысаналы мақсатын өзгерту және жалға беру мерзімін ұзарту туралы заңсыз жағдайлары анықталды.

Осы ауданда жеке меншікке 39 жер телімі берілген, алайда іс жүзінде заңнамада белгіленген мерзімде игерілмеген.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, іс-құжаттар прокуратураның АЕК-на тіркелді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментіне процестік шешім қабылдау үшін жолданды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

berdaly_oraz

Түркістан-ЦИНДАО бағыты: ауыл шаруашылығындағы жаңа мүмкіндіктер мен инвестициялық серпін

Арыс қаласының сәулеттік келбетін жақсарту – күн тәртібіндегі басты мәселе

berdaly_oraz