ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚТАР «КӨШЕМІЗБЕН ДАУЫС БЕРЕМІЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІН БАСТАДЫ

Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылында «Көшемізбен дауыс береміз» атты ерекше челлендж басталды. Бұл бастама аясында бір көшенің барлық тұрғындары бірігіп, ауылдағы референдум учаскесіне келіп, өз азаматтық борыштарын орындауда. Ауыл белсенділерінің айтуынша, челлендждің басты мақсаты – тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру және әрбір азаматтың ел болашағына бей-жай қарамайтындығын көрсету.

«Бүгінгі іс-шара – қоғамдағы бірліктің, көшедегі әрбір адамның ортақ мүддеге деген жауапкершілігінің жарқын мысалы. Біз әрқайсымыздың таңдауларымыз елдің болашағын қалыптастырады. Сондықтан бір көшенің тұрғындары бірігіп, референдумға қатысып жатқан сәт өте маңызды», – деді ауыл тұрғыны.

Аталған челлендж тұрғындардың белсенді саяси науқанға қатысуын ғана емес, қоғамдық жауапкершілікті арттыруды, жастар мен балаларға азаматтық тәрбиені жеткізуді де мақсат тұтады. Әкімдік тұрғындарды осындай бірлікті сақтауға шақырып, «Әр дауыс – елдің болашағына қосылған үлес» екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында биыл 34 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді

Альфия Адамбек

Түркістан облысының 60-тан астам ауылы ішімдік сатудан бас тартты

berdaly_oraz

Түркістан облысының өнерпаздары бірінші орынға ие болды