ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған.

Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.

Түркістан қаласы – тығыз қоныстанған және сайлаушылар саны көп өңірлердің бірі, сондықтан таңғы сағат 07:00-ден бастап халықтың қарасы қалың. Тұрғындар отбасымен, қариялар мен жастар бірге келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасауға асығуда.

Ұқсас жаңалықтар

Зейнетақы қорындағы қаражатты ипотеканы жабуға қолдануға рұқсат беріледі

berdaly_oraz

ДИПЛОМ ЕМЕС, ДӘЛ ҚАЗІРГІ НАРЫҚҚА ҚАЖЕТ МАМАН: ТҮРКІСТАНДА 16 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫН МЕҢГЕРУДЕ

Redaktor Arysinfo

11 АСПАПТА ОЙНАЙТЫН САРБАЗ  

Redaktor Arysinfo