2025 жылғы 5 қазанда Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне енгізілген 138 762 азаматтың дауыс беруге – 79233 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 415 сайлаушы қатысқан.
Сайрам ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысына сәйкес тіркелген үш кандидатқа:
Дулат Талғатұлы Абылгазиевке — 4 724 сайлаушы;
Мадияр Мұхтарұлы Оразалиевке — 66 837 сайлаушы;
Алмас Мейрбекұлы Тураровқа — 7 132 сайлаушы дауыс берген.
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 255.
Айта кетейік, су жаңа әкім Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев 1986 жылы туған Түркістан облысы Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округінің азаматы.
