Арыс–Монтайтас жолына жол кедергілері орнатылуда

Арыс–Монтайтас бағытындағы КХ-92 облыстық маңызы бар автожолдың Қабылсай ауылының Арыс жақ бетіне жол кедергісі (жасанды төмпешік) орнатылды.Бұл туралы Арысинфо тілшісі хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, мұндай шара жол бойындағы көлік жылдамдығын төмендетіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Алдағы күндері 42-разъезд және Ақтас ауылдарының тұсына да осындай жол кедергілері қойылады.

«Жергілікті тұрғындар мен жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және жол қауіпсіздігіне назар аударуды сұраймыз»,-дейді жергілікті әкімдік қызметкерлері.

 

Бердалы Ораз ( аймақ тілшісі )

Ұқсас жаңалықтар

Тәжірибе – елге қызмет: «Күміс жас» жобасы қарқын алды

«70 мектептің 52-сі аттестациядан өте алмады»Шымкенттегі мектептердің білім сапасы мен қауіпсіздігі сын көтермейді«579 педагог уақытылы курсқа қатыспаған»

berdaly_oraz

Шардарада аудандық маңызды жолдың құрылыс жұмыстары басталды