Түркістан: Су үнемдеу – ауыл шаруашылығын дамытудың кілті

Түркістан облысында суармалы жерлерді тиімді пайдалану мен өнімділікті арттыру мақсатында су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары қарқын алып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен айтылды, – деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

2030 жылға қарай өңірде 216,3 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу көзделсе, 2024 жылы жоспарланған 27 мың гектар көрсеткіш екі есеге ұлғайтылып, 32 мың гектарға дейін артты. Бұл жұмыстарға шетелдік инвесторлар да атсалысқан. Сонымен қатар Оңтүстік аудандарда 24 мың гектар алқапқа жаңа жүйелерді енгізу жоспарланып отыр.

Облыс әкімі жоғары рентабельді дақылдарға көшу, импортты алмастыру және суармалы жерлерді көбейту сияқты Мемлекет басшысы қойған міндеттерге жету үшін заманауи су үнемдеу технологияларын қолдану маңызды екенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, фермерлерді жаңа технологияларға көшуге ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау аясында жабдықтарға кеткен шығынның 50%-ы, ал қосымша 30%-ы облыс бюджетінен өтеледі.

Су тапшылығын шешу үшін өңірде «Бәйдібек ата», «Қарақуыс» су қоймаларының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар «Боралдай» мен «Иқан су» қоймаларының жобалары дайындалған. Бұл нысандар іске қосылған жағдайда «Бөген» су қоймасына қосымша 120,3 млн текше метр су жеткізіліп, Түркістан қаласы мен маңындағы аудандардағы су тапшылығы жойылады.

«Боралдай» су қоймасы іске қосылса, 67 мың гектар жер кепілді ағын сумен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде Отырар мен Сауран аудандарында 6 мың гектар, ал Ордабасы ауданында 630 гектар суармалы алқап қайта айналымға қосылады.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда суға түсу қауіпсіздігін арттыру мақсатында каркасты бассейндер орнатылуда

berdaly_oraz

Өңір жаңалықтары: Келес ауданында зиянкестерге қарсы дайындық жұмыстары пысықталды

«ЕҢБЕК КУБОГЫ»: ТҮРКІСТАНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ

berdaly_oraz

Пікір жазу