ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ОРТАҚ ІС

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарын «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды. Аймақ басшысы туған жердің тазалығы мен көркеюі – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Әкімнің айтуынша, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындарды таза ұстау – өңірдің дамуына тікелей әсер етеді. Осы ретте тұрғындарды сенбіліктерге қатысып, өз ауласынан бастап тазалық мәдениетін қалыптастыруға үндеді.

Бүгінде Түркістан облысында «Таза Қазақстан» аясында кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Аудандар мен қалаларда тазалық акциялары ұйымдастырылып, еріктілер, жастар және мекеме қызметкерлері бірігіп, көшелерді, саябақтарды, өзен-көл жағалауларын қоқыстан тазартуда.

Аймақ басшысы бұл бастама тек бір реттік шара емес, тұрақты дағдыға айналуы тиіс екенін жеткізді. «Таза орта – дені сау ұлттың кепілі. Әр тұрғын өз үлесін қосса, өңіріміз одан әрі көркейе түседі», – деді ол.

Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы ел бойынша экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды бастама ретінде жалғасып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты

Альфия Адамбек

Нұралхан Көшеров кәсіпкер Тимур Турловпен кездесті

Түркістан: Кентауда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті.

Redaktor Arysinfo