Түркістан: Жетісайда тазалықты сақтау үшін қосымша 53 арнайы техника алынады

Қазақстанның экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» шарасы Түркістан облысының Жетісай ауданында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен басталған экологиялық акция аудан аумағында тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған. Бұл маңызды шаралар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауында, ал аудан әкімінің орынбасары Серік Мамытовтың жетекшілігімен өткізіледі.

Бүгінде тазалық жұмыстарын қолдауға 3 мыңға жуық адам мен 20 арнайы техника жұмылдырылған. Әрбір аумақ бойынша жүргізілген тазалық шараларының нәтижесінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдар, ішкі көшелер, арық-атыздар, саябақтар мен скверлер тазаланып, 30 тонна қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, ағаштардың түбі әктеліп, экологиялық тазалыққа деген жауапкершілік көрсетілді.

Тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаны қорғау мақсатында арнайы жоспар әзірленіп, оған қосымша 53 арнайы техника сатып алынбақ. Бұл техника тазалық жұмыстарының тиімділігін арттырып, қалалар мен ауылдық округтердегі санитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Аудан әкімдігі хабарлағандай, табиғаттың таза болуы мен экологиялық жағдайдың жақсаруы — әрбір азаматтың жауапкершілігінде. Бұл туралы ауыл ақсақалдары мен қоғамдық белсенділер жиындарда үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Тазалықты сақтаудың денсаулық пен тұрмыс сапасына әсері әрбір отбасына жеткізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласы білім басқармасы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салды

berdaly_oraz

Түркістан облысында 112 шақырым канал тазаланды

Альфия Адамбек

Ұлттық банк алтын сатуды уақытша тоқтатты

berdaly_oraz

Пікір жазу