Түркістанда алғаш рет бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында медицина тарихындағы маңызды оқиға орын алды – алғаш рет бауыр трансплантациясы сәтті жүргізілді. Операцияны академик Б.Баймаханов жетекшілік еткен А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының білікті мамандары жүзеге асырды.

48 жастағы науқас бірнеше жыл бойы бауыр циррозымен күресіп, тұрақты ем қабылдаған. Алайда аурудың асқынуы өміріне қауіп төндіргендіктен, дәрігерлер оған бауыр алмастыру қажеттігін анықтады.

Науқастың 19 жастағы қызы медициналық тексерістен өтіп, донор болуға жарамды деп танылды.

Күрделі хирургиялық отаны жоғары деңгейдегі мамандар орындады. Операцияға анестезиологтар, хирургтар және жергілікті аурухананың білікті дәрігерлері қатысты.

Науқастың жағдайы дәрігерлердің бақылауында, ал трансплантацияланған орган біртіндеп қалыпты қызметін атқара бастады.

Бұл оқиға – Түркістан облысында трансплантология саласының дамуы жолындағы үлкен қадам.

 

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОШАРАСЫ АЯСЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

berdaly_oraz

Созақ ауданында нашақорлыққа қарсы бір айлық акция басталды

berdaly_oraz