Түркістанда 22 жасөспірім сушиден уланып, ауруханаға түсті

Түркістанда 22 жасөспірім сушиден уланып, ауруханаға түсті,деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістанда 12-14 жас аралығындағы 22 адам астан уланып, ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы сушиден уланған болуы мүмкін.

«Науқастарға «тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай» диагнозы қойылды. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты, арнайы ем қабылдап жатыр», – делінген ресми ақпаратта.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар бөлімшесіне оқшауланып, тиісті ем-дом шаралары жүргізілуде. Азық-түлік қауіпсіздігіне жауапты органдар аталған тағамның сапасын тексеріп, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан инвестиция мен туризмнің жаңа белесі

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 3 мыңға жуық тұрғын сенбілікке қатысты

Түркістан облысында биыл 16 жағажай қызмет көрсетті, суға батқан 55 адамның 25-і – бала

berdaly_oraz