«80 мың төлеп,куәлігін сақтап қала алады» Жол апатына кінәлі жүргізушілер үшін жазалар жеңілдетілді

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізіліп, кейбір жазалар жеңілдетілді. Бұрын жол апатына кінәлі жүргізушілер, егер адам өлімі болмаса да, 6 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылатын. Жаңа өзгерістерге сәйкес, мұндай жағдайда жүргізуші 80 000 теңге айыппұл төлеп, жүргізуші куәлігін сақтап қалады.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл өзгерістер жүргізушілердің әлеуметтік және экономикалық жағдайын ескеріп, оларды қатаң шектеулерге ұшыратпай, тәртіп сақтауға ынталандыруға бағытталған. Бұрынғыдай көлік басқару құқығынан айыру көптеген азаматтар үшін қиындық тудырғандықтан, заңнамаға осындай өзгерістер енгізілді.

Айыппұл көлемі ұлғайтылғанымен, жүргізушілердің жауапкершілігі жеңілдемейді. Егер жол-көлік оқиғасы ауыр жарақаттар немесе адам өлімімен аяқталса, кінәлі тұлға қатаң жазаға тартылады.

Жаңа өзгерістердің басты мақсаты – жүргізушілерге әділетті жаза жүйесін қалыптастыру және жол қауіпсіздігін одан әрі нығайту. Сондықтан жол ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің басты міндеті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық дәрігерлер 500 грамм салмақпен туылған сәбиді аман алып қалды

Альфия Адамбек

Шымкентте алаяқтар зейнеткердің 46 млн теңгесін қолды қылған

1 сәуірден бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгерді

Альфия Адамбек